ҚОҒАМ

Рекордтық деңгей: Қазақстанда ресейлік компаниялар саны күрт азайды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Сәуір мен маусым айлары аралығында Қазақстанда ресейлік құрылтайшылары бар кәсіпорындар саны айтарлықтай қысқарып, 17,6 мыңға дейін төмендеді. Бұл — соңғы жылдардағы ең ірі құлдырау, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бірінші кредиттік бюро сарапшыларының мәліметінше, бұл көрсеткіш қатарынан 15 ай бойы азаюын тоқтатпаған. Мәселен, 2024 жылы 1 сәуірде елде 19,7 мың ресейлік компания тіркелген.

“Теріс үрдіс ресейлік бизнестің барлық саласына әсер етті. Қысқарудың негізгі бөлігін, яғни 55 пайызын сауда және ақпараттық технологиялар саласындағы компаниялар құрады”, — деп нақтылады сарапшылар.

Сонымен қатар басқа елдердің кәсіпкерлері Қазақстан нарығында белсенділік таныта бастаған. Екінші тоқсан ішінде өзбек құрылтайшылары бар кәсіпорындар саны 527-ге артып, шамамен 5400-ге жетсе, қытайлықтар негізінен сауда саласы арқылы 500 компанияға көбейіп, 4500 шамасында болды.

“Өзбекстандық кәсіпкерлердің өсуі “басқа қызметтер” бағытымен байланысты болса, Қытай компаниялары көбіне саудамен айналысуда”, – деді бюро сарапшылары.