МӘДЕНИЕТ

Белгілі жазушы Исраил Сапарбай өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Abai.kz

Белгілі жазушы, драматург әрі сазгер Исраил Сапарбай 85 жасына қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Бүгін таңсәріде суық хабар жетті. Таңғы төрттің шамасында Исраил Сапарбай ағамыз Қаскелеңдегі қара шаңырағында, отбасы мен бала-шағасының көз алдында ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл жайында маған ұлы Нұрлан Исраилұлы хабарлады", – деп жазды Бегманов.

Исраил Сапарбай — қазақ поэзиясының сыршыл өкілі, сахналық драматургияда өзіндік үні бар қаламгер. Ол – Тәуелсіз “Платиналы Тарлан” сыйлығының иегері, ел есінде поэтикалық тереңдігімен, әнге айналған өлеңдерімен және театр сахнасында өмір сүрген пьесаларымен қалған тұлға.