САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: orda.kz коллажы
Алматыда Қытайдан келген тауарларды кедендік рәсімдеусіз елге кіргізіп, жалған шот-фактуралар рәсімдеген тұлғаларға қатысты атышулы іс бойынша үкім шықты. Тергеу деректеріне сүйенсек, бұл іске Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қарындасы Әнипа Назарбаеваның қатысы бар деп есептеледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, “Group of the Companies TDA” ЖШС уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіне ие бола тұра, кедендік бақылаудан тыс 100-ден астам контейнерді елге заңсыз кіргізген. Бұл контейнерлер арқылы халық тұтынатын тауарлар жеткізілген.
Контрабандалық әрекеттерді жасыру үшін компания онға жуық бақылаудағы серіктестік атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеген. Осылайша салық органдарын адастырып, мемлекетке 10 миллиард теңге көлемінде шығын келтірген.
“Тергеу барысында келтірілген зиянның бір бөлігі өтелді, яғни 643 миллион теңге қайтарылды. Сондай-ақ фигуранттардың мүлкіне (құны 1,3 млрд теңгелік тауарлар, жер телімдері, көліктер және тағы басқа 300 млн теңге тұратын мүлік) тыйым салынды. Қосымша 47 жалған мәмілеге барған компания өз еркімен 240 миллион теңге көлемінде салық төлеп, жалған есеп айырысулардан бас тартты”, – делінген агенттік хабарламасында.
Сот үкімімен айыпталушыларға 1 жыл 4 айдан бастап 4 жыл 6 айға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Барлық сотталушының мүлкі тәркіленбек. Іске қатысы бар тағы бір күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.