ТЕХНОЛОГИЯ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: inbusiness.kz
Шымкентте 61 жастағы зейнеткер алаяқтың арбауына түсіп, 2 миллион теңгесінен айырылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Белгісіз біреу оған телефон шалып, өзін Ұлттық банк қызметкерімін деп таныстырған. Қаражатты “қорғау” үшін әйелге арнайы шотқа ақша аударуды ұсынған. Зейнеткер сеніп, көрсетілген реквизитке 2 миллион теңге жіберген.
Кейін алданып қалғанын түсінген ол сотқа жүгінген. Іс материалдарына сәйкес, жауапкер — яғни дроппер — бұл соманы белгісіз тұлғаның өтініші бойынша алғанын және үшінші біреуге қайта аударғанын айтқан. Алайда ол ақша аударымының заңды негізін дәлелдей алмаған.
Сот оның банк картасының иесі ретінде шоттағы барлық операциялар үшін жауапты екенін атап өтіп, әрекетін заңсыз байыған деп бағалады. Соның негізінде сот зейнеткердің пайдасына 2 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарды.