БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: @aqmonshaq_nurtaza
№58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі”, – деп мәлімдеді ол.
Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртаза TikTok желісінде ерекше белсенділігімен танылған. Ол мектеп өмірін әлеуметтік желіде жиі көрсетіп, оқушылармен түрлі видео түсіріп келді. Оның 11-сынып түлектерімен бірге Димаш Құдайбергеннің “Тау ішінде” әніне түсірген видеосы 3,1 миллион қаралым жинап, челлендж жеңімпазы атанды. Осы үшін Лондонда өтетін концертке жолдама да ұтып алған еді.
Сондай-ақ Нұртаза жарнамалық жобаларға қатысып, “директормен шай” атты авторлық форматта жоғары сынып оқушыларымен ашық сұхбаттар өткізетін.