Weekend
Әкемнің құпиясы
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМенің әкем жарықтық, марқұм 1899 жылы туған. 1917 жылы Ресейде Октябрь революциясы болған кезде, 17-18 жастағы бозбала болса керек. 1928-32 жылдары Голощекин Қазақстанда Кіші революция өткізіп, байларды, әл-ауқаттыларды, кейіннен орта шаруаны кәмпескелеп, соттап, абақтыға жауып, жалпы қазақты алдындағы малынан айырып, ашаршылыққа ұшыратты. Сол кездегі xалық санағы бойынша 6 млн қазақтан ашаршылықтан кейін 3 млн қазақ аман қалды.
Менің әкемнің әкелері бай, әл-ауқатты өмір сүрсе керек. Бай болғандары үшін кәмпескеге ілінген, абақтыға жабылған, қуғын-сүргін көрген. Сол кездерде әкемнің әкесінің інісі Аxмет атамыздың үйінде тоқты басындай алтыны болған екен. Қараңғы қазақ үйі ішінде, түндіктен түскен күн сәулесіне сол алтынды ұстап көрсе, үй іші қызғылт сәулеленіп кетеді екен. Соған қарағанда саф алтын болса керек.
Аxмет атамыз менің әкеме былай деген екен: "Байсейіт, мен анау сендерге көрсеткен алтынды ор қораның бір шетіне көміп, тықтым. Жанында бір наган бар киізбен орап, желімдеп, сыртына балауыз жақтым шірімес үшін. Мына дүрбелең біткен соң қазып тауып алыңдар. Қажеттеріңе жаратсаңдар өлмессіңдер" – дейді. Ол ор қора дегені ені 500м, ұзындығы да сондай 1,5 метр ор қазылған, топырағы жағасына үйілген қой қора екен. Сол ор қораның орны қазір де бар. Алыстан қарасаң нобайы көрінеді. Ал алтынның қай шетінде жатқаны бір Аллаға мәлім.
Ал менің әкем аумалы-төкпелі заманда, ол алтынды іздемеген. Өзі бай баласы болғаны үшін 90 күн абақтыға жабылған, әйтеуір аман-есен шыққан. Кейін екінші дүниежүзілік соғыс басталып, ол алтын ұмыт болған. Аxмет атамыз сол түрмеден оралмаған. Оның үстіне бай тұқымы болғаны үшін абақтыға жабылатын заманда алтынды іздеу, өзіңе-өзің жау болғанмен пара-пар ғой.
Сол алтын тығылған ор қораның орнын кейін әкем маған көрсеткен еді. Ол 1975-76 жылдар еді. Әкем марқұм 1979жылы бұл өмірден озды. Ал алтын тығылғантор қора, Меркі ауданының бір кішкене ауылында, төбе астында, сайда орналасқан. Ол сом алтын егер бар болса, құбыр іздегіш немесе минаіздегішпен қопарып тауып алуға болатын сияқты. Бірақ бәленше жыл өткен соң ол алтын әлі бар ма? Әлде біреу тауып алған шығар деген күдік ой кежегеңді кейін тартады. Ал егер бар болса ше? Осы ой үмітіңді оятады.
"Әй, ол алтын жоқ екен. Біреу тауып қазып алған ғой" деп дүдәмал көңілге, сұраққа нүкте қойып, тынышталғың келеді. Мүмкін, әлі жатқан шығар, тауып алармын деген үміт тағы бар. Осы ойлармен кейде арпалысып жүремін. Табылмаған алтын бар ма, жоқ па? Білмедім.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61