ҚОҒАМ

Шардара қаласының барлық шағын ауданына су жіберілді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан скрин

"Шардара" су қоймасындағы су деңгейінің төмендеуіне байланысты су жеткізу мәселесі туындаған еді. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, іс-қимыл алгоритмі бекітілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Мәселені шешу үшін бас су торабының І көтеріліміндегі сорғыға қажетті су көлемі жетпегендіктен, қосымша су айдағыш насос орнатылып, су құбыры іске қосылды. Нәтижесінде аса маңызды нысандар, аурухана, көпқабатты пәтерлерге су жеткізілді.

Биыл 6 тамызда екінші су айдағыш насосы іске қосылды. Оған диаметрі 200 мм полиэтилен құбыры жалғанып, Шардара су қоймасынан қаладағы бас су торабына су тасымалданып жатыр.

Фото: видеодан скрин

Фото: видеодан скрин

“Бүгінгі таңға Шардара қаласының барлық шағына уданына су жіберілді. Сондай-ақ қала аумағындағы тұрғын үйлерге 28  су жинау ыдысы орнатылып, су тасымалдайтын 10 арнайы көлік тұрақты жұмыс істеп жатыр. Бұл облыс әкімдігі өкілдері мен аудан басшылары, қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, жұмыстар тұрақты жүргізілуде”, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов.