ДЕНСАУЛЫҚ

Түркістанда жаңа спорттық-сауықтыру орталығы ашылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан қаласында заман талабына сай жаңа “A.B.L.”фитнес орталығы ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қуанышты сәтке облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, жұртшылықты құттықтады. 

“Түркістан – тек рухани астана емес, сонымен қатар спорт орталығына айналып келе жатқан өңір. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірімізде спорт инфрақұрылымының халыққа қолжетімділігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, былтыр   жалпы құны 73 спорт нысанының құрылысы аяқталса, ал биыл  54 спорт нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Олардың қатарында елімізде теңдесі жоқ екі ірі жоба – ипподром мен ескек есу каналы бар. Бұл – спортты дамытуға және ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған мемлекетіміздің берік ұстанымының айқын көрінісі. Біз тек спорттық нысандарды салып қана қоймай, олардың тиімді жұмыс істеуіне және тұрғындар үшін қолжетімді болуына ерекше мән беріп келеміз. Бұл кешен – Түркістан қаласы тұрғындарының денсаулығын нығайтып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыратын маңызды орынға айналатынына сенімдімін”, – деді облыс әкімі.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Заманауи талаптарға сай салынған фитнес орталығында спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға барлық жағдай жасалған. Жаттығу залдары, волейбол және жекпе-жек залы бар. Сонымен бірге бассейн және өзге де дене шынықтыруға қажетті құрылғылармен, бөлмелермен қамтылған. 
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі