БІЛІМ

Түркістанда Абайдың 180 жылдығына орай жастар мен тұрғындарға “Абай жолы” романы таратылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды. Осы айтулы мерекеге және “Жастар күніне”  орай Түркістанда рухани мәні бар іс-шара өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Абай ескерткіші маңында ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін көшпелі кітап көрмесі өткізілді. Сонымен бірге облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің белсенді жастарымен кездесіп, Мұхтар Әуезовтің “Абай жолы” кітабын тапсырды. 
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр шаңырақта Абайдың кітабы мен мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы тұруы керек екенін айтқан болатын. Сол бастаманы Түркістан облысында іске асыру мақсатында қонақтарға, жастарға "Абай жолы" романы топтастырылған төрт томдық кітаптарды тапсыруды жөн көрдік. Бұл кітапты әр оқыған сайын жаңа дүниелермен танысасың, жаңаша ой түйесің. Жастарымыз да кітапты оқып, Абай өмірінің тереңіне үңіледі деп ойлаймын”, – деді Нұралхан Көшеров. 

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Белсенді жастар өңір басшысының рухани мәні бар сыйлығына ризашылықтарын білдіріп, Абай мұрасына адал болатындарын жеткізді. Жалпы, 180 жылдыққа 180 кітап топтамасы шығарылып, жастар мен тұрғындарға үйлестірілді. 
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, осы күні ұйымдастырылған кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмірінен, шығармашылығынан сыр шертетін маңыналы дүниелер ұсынылды. Абай Құнанбайұлы бейнеленген, ерекше шеберлікпен тігілген қабырғаға ілетін кілемше де көпшіліктің қызығушылығын оятты. Бұл сыйлықты кітапханаға “Бал текстиль” компаниясы тарту еткен. 
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осылайша, Түркістан жастары “Абай күні” мен “Жастар күні”

мерекелерін рухани-танымдық іс-шарамен өрнектеп, ерекше серпіліп қайтты.