САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Informburo.kz
Қайрат Боранбаев құрылтайшысы болған Almaly холдингіне тиесілі ірі жер телімі аукционда сатылмай қалды. Себебі саудаға ниет білдірген бірде-бір қатысушы болмаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Электронды сауда алаңының ақпаратына сәйкес, бұл лот 13 тамыз күні саудаға шығарылған. Бірақ белгіленген уақытта ешкім тіркелмегендіктен, аукцион өткізілмеді.
Аталған жер учаскесі Алматы облысы, Шиен ауылының маңында орналасқан. Жалпы аумағы – 3323 гектар, ал бастапқы бағасы – 243 миллион теңге.
Сол күні тек бір ғана жер телімі сатылды
13 тамызда Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансындағы тағы тоғыз жер телімі бойынша да аукцион өткізілмек болған. Алайда солардың ішінде тек бір учаске ғана сатылымға шықты.
Бұл – Шамалған ауылында орналасқан, көлемі 4546 гектар болатын жер телімі. Аталған нысан 217 миллион теңгеге сатылды. Саудаға жалғыз ғана қатысушы тіркелген.
Жердің бұған дейін кімнің иелігінде болғаны әзірге нақты емес.
Аукционға қойылған телімдердің құны қандай?
Бұған дейін Алматы облысында тәркіленген 10 жер телімі саудаға шығарылғаны хабарланған. Бұл жөнінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ресми мәлімдеме жасаған.
Жер телімдерінің бастапқы бағасы 11,2 миллион теңгеден басталып, ең қымбаты 474,7 миллион теңгеге дейін жетеді. Жалпы лоттардың бастапқы жиынтық құны 1,5 миллиард теңге шамасында.
Айта кетейік, 3323 гектарлық учаске – сол лоттардың ішіндегі ең ірілерінің бірі. Бұрын ол Almaly холдингіне тиесілі болған.
Аукционға қатысу тәртібі қандай?
Жер телімдеріне өтінім беру үшін мыналар қажет:
E-Qazyna платформасында тіркелу;
Кепілдік жарнаны алдын ала төлеу;
Өтінішті белгіленген мерзім ішінде рәсімдеу.