САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: видео кадры
Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша алғашқы сот тыңдалымы 20 тамызға белгіленді. Бұл туралы ақпарат Талғар аудандық сотының ресми мәліметінде жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Іс Талғар аудандық сотында қаралады.
Қасымбаев не үшін қамауға алынды?
Еске салсақ, Хасан Қасымбаев 2024 жылдың қарашасында ұсталды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол Арман Әлімовке күш қолдану және оны заңсыз ұрлап әкету дерегі бойынша тергеліп жатыр.
Аталған оқиға 2021 жылдың жазында болған. Қасымбаевқа денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бостандықты шектеу баптары бойынша айып тағылған.
Полиция не дейді?
Айта кетейік, қоғамда бұл іс Шерзаттың қазасымен байланыстырылып, түрлі болжамдар айтылған еді. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарған. Ресми дерек бойынша, Қасымбаевтың ұсталуына Шерзат оқиғасының еш қатысы жоқ.
"Тергеу барлық дерек пен жағдайларды мұқият тексеріп жатыр. Іс бойынша нақты процессуалдық шешімдер заң аясында қабылданады", – деген еді Алматы облыстық ПД өкілдері.