Bugin

Қызылордада балалар спорты мен шығармашылығына бөлінген 88 млн теңге жымқырылған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видеодан скрин

Қызылордада балалар спортын және шығармашылығын қолдауға арналған “Даму бала” платформасы аясында кәсіпкерлерден 88 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған екі адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тергеді. Тергеу деректеріне сүйенсек, мониторингтік топ мүшелерінің бірі қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерден “тексеріс қорытындысын оң шешіп береміз” деген сылтаумен ақша талап еткен.

Олар жалпы 88 миллион теңгеден астам қаржы алған. Түскен ақшаның бір бөлігіне коттедж бен автокөлік сатып алынған. Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.

Сот үкімі бойынша негізгі айыпталушы 6 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді. Оның сыбайласына 5 жыл шартты жаза тағайындалды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.