САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: slash.kz
Алматыда “қазақ Робин Гуды” атанған Ілияс Сәриевтің ісі сотта қаралып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Kazinform мәліметінше, «Елге көмек» қайырымдылық қорының жетекшісіне қатысты қылмыстық іс 2025 жылы 11 шілдеде Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына түскен. Соттың хабарлауынша, процесс ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 29-бабына сәйкес ашық форматта өтіп жатыр.
Ілияс Сәриевтің ұсталғаны жайлы ақпаратты алғашқылардың бірі болып заңгер Нұрсұлтан Орынбеков жариялаған. Оның айтуынша, бірнеше азаматтан блогердің алаяқтық әрекетіне қатысты шағым түскен.
“Қазақ Робин Гуды” атанған Ілияс Сәриев алаяқтық бабымен ұсталды. Бірнеше адамнан шағым түскен еді, қазір сол негізде қамауға алынғаны белгілі болды. Егер алданғандар болса, Алматы полиция департаментіне жүгінулеріңізге болады, — деді Орынбеков.