ҚОҒАМ

Шерзат Болаттың үйіндегі өрт: прокуратура тергеу ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ашық дереккөз

Марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үйінде болған өртке қатысты қылмыстық іс уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

“Қаржаубай Нұрымовтың үйіндегі өрт фактісі бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу мерзімі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсету бойынша процессуалдық әрекеттер жүргізілуіне байланысты) тоқтатылды”, – делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанында жаппай төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Болат пышақ жарақатынан қаза тапты.

Араға ұзақ уақыт салмай, яғни 12 қазанда Шерзаттың отбасы тұратын Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды. Бұл оқиға бойынша “Бөгде мүлікті қасақана жою” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.