САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ашық дереккөз
Атырау облыстық соты Атырау мұнай өңдеу зауытының (АМӨЗ) бұрынғы басшысы Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
“Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, бірінші саты ережелері бойынша, "АМӨЗ" ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты қылмыстық істі қарады. (…) Прокурордың мемлекеттік айыптаудан бас тартуына байланысты және оның әрекеттерінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына (ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы) орай іс тоқтатылды”, – делінген ресми хабарламада.
Бұрынғы басшыға қызметтік міндетін тиісті деңгейде орындамағаны, соның салдарынан абайсызда мемлекетке аса ірі көлемде зиян келтірді деген айып тағылған еді (ҚК-нің 371-бабы, 2-бөлігі). Алайда сот процесі барысында прокурор оның кінәсін дәлелдейтін айғақтардың жоқ екенін мәлімдеді.
“Досмұратовқа қылмыстық қудалау жүргізген органның заңсыз әрекеттерінен келген зиянды өтеу және толық ақталу құқығы түсіндірілді”, – деп қорытындылады сот.