ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ҚМА кадры
Астана қаласында электронды тұтыну құрылғылары, вейптер мен оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың заңсыз саудасымен айналысқан ірі көтерме желінің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің қалалық департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
ҚМА өкілінің айтуынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала аумағынан бес бірдей қойма табылған. Сол жерлерден 490 мыңнан астам заңсыз вейп тәркіленді.
"Тәркіленген өнімдердің жалпы сатылымынан түсетін табыс шамамен 6 миллиард теңгеден асып түсуі мүмкін еді", – деді ведомство өкілі.
Күдіктілер заңсыз өнім сатумен ғана емес, қылмыстық жолмен табылған қаражатты заңдастырумен де айналысқан. Олардың бірі ірі сомаларды қолма-қол ақшаға айналдыру үшін арнайы "дроперлерді" (банк картасын өз атына рәсімдеп берген адамдарды) пайдаланғаны анықталған.
"Ақшаның бір бөлігі шетелден кофе жеткізуге арналған жалған мәмілелер арқылы жасыруға тырысқан. Бұл бағытқа жұмсалған қаражат **92 миллион теңгеден асады", – делінген ҚМА хабарламасында.