САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Caravan.kz
Шымкентте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі жемқорлық ісіне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тергеу материалдарына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал көлемі 129 миллион теңгені құраған. Бұл қаржының бір бөлігі жөндеу жұмыстарына заңсыз бағытталып, сондай-ақ қызметтік көлік сатып алуға жұмсалған.
Тендерсіз келісімшарт және лауазымды тұлғалар
Іс құжаттарында университеттің бұрынғы бірінші проректоры Н. екі мәрте тендер өткізбей келісімшартқа қол қойғаны көрсетілген. Сонымен қатар, қаржы жымқыру схемасына жоғары лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлер де тартылған.
Сот қандай шешім шығарды?
Сот барлық айыпталушының кінәсін мойындап, келтірілген залалды толық өтегенін назарға алып, үкім шығарды:
Бұрынғы проректор 5 жылға сотталды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айырылды;
Тағы үш адамға 5 жыл 7 айға дейінгі мерзімге түрме жазасына кесілді;
Екі айыпталушы шартты жаза алды;
Бір адамға 1 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.