МӘДЕНИЕТ

Алматыда өткен Дженнифер Лопес концерті қала экономикасына 10 млрд теңге кіріс әкелді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

2025 жылы 10 тамызда Алматыда америкалық поп-мәдениет жұлдызы Дженнифер Лопестің ауқымды шоу-концерті өтті. Қала әкімдігінің мәліметінше, концертке 27 мың көрермен жиналған, ал одан түскен жалпы табыс 10 миллиард теңгеден асқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Іс-шараның экономикалық әсері де айтарлықтай болған. Мәселен, жалпы қаржылай айналым 10 миллиард теңгеден асқан. Мемлекет қазынасына шамамен 600 миллион теңге салық түсті. Шетелдік туристер концерт күні Алматыда 5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған.

Дженнифер Лопестің командасы Алматыдағы ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді. Әншінің тур режиссері әрі техникалық директоры Григорий Антроповтың айтуынша, дайындық жұмыстары өзге қалалармен салыстырғанда ең үздік деңгейде жүзеге асқан.