ҚОҒАМ

Күзгі жеңілдіктер: теміржол билеттерін 40%-ға дейін жеңілдікпен алуға болады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: zakon.kz

"Жолаушылар тасымалы" АҚ 2025 жылдың 22 қыркүйегі мен 23 қазаны аралығында теміржол билеттеріне арналған күзгі жеңілдіктер маусымы басталатынын хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.

Науқан аясында жолаушылар жеті танымал бағыт бойынша билеттерді едәуір төмен бағада сатып ала алады. Жеңілдіктер 20%-дан 40%-ға дейін жүреді.

Билеттерді қайдан және қашан сатып алуға болады?

Жеңілдікпен билеттерді ресми www.bilet.railways.kz сайтынан немесе вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады. Билеттерді пойыз жөнелтілетін күннен 45 күннен бастап 10 күн қалғанда дейінгі аралықта алу мүмкіндігі бар. Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, үнемді билет сатып алуға жағдай жасайды.

Жеңілдіктер қолданылатын бағыттар мен күндер:

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын пойыздар:

№9/10 "Астана – Алматы"

Вагон түрі: отыратын (2С)

Жеңілдік: 40%

№65/66 "Астана – Жезқазған"

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: купе орындарға 25%

№67/68 "Астана – Өскемен"

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%

№77/78 "Алматы – Маңғыстау"

Вагон түрі: купе (2К)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25%

№351/352 "Алматы – Өскемен"

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%

№691/692 "Атырау – Ақтөбе"

Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)

Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20%

Күн сайын жүретін пойыз:

№11/12 "Алматы – Шымкент"

Вагон түрі: турист (2Д)

Жеңілдік: купеге 25%