ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Tengrinews.kz
Астанада Сарайшық көпірінде екі жол жұмысшысын көлік қақты. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жол-көлік оқиғасы 18 тамызға қараған түні болған. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тарады. Автокөлік жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарайшық көшесіне қозғалған кезде, жолда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын ескермеген. Салдарынан екі жұмысшыны қағып өткен.
“Бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді”, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.