ДЕНСАУЛЫҚ

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналарға ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: medelement.com

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – Өңірлік инфекциялық аурухана жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мен ұстаздарды балалар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу шараларына ерекше мән беруге шақырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жаңа оқу жылының басталуы – білім беру саласының маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар балалар денсаулығына қауіп төндіретін күрделі эпидемиологиялық жағдайлар жиі кездесетін уақыт. Мектепке және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалардың ұжымдық ортада тығыз қарым-қатынаста болуы – түрлі жұқпалы аурудың таралуына қолайлы жағдай туғызады.

Жұқпалы аурулар – адамзат тарихында ең көп зардап әкелген, қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына елеулі әсер еткен дерттердің бірі. Қазіргі таңда да бұл аурулардыңалдын алу, дер кезінде анықтау және тиімді ем жүргізу – денсаулық сақтау жүйесінің басты басымдықтарының бірі болып қала беруде.

Осы ретте Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы тек қаланың ғана емес, бүкіл Түркістан облысының жұқпалы аурулармен күресудегі сенімді тірегіне айналып отыр. Қазіргі таңда ауруханаға денсаулық сақтау саласының үздік ұйымдастырушысы, тәжірибелі дәрігер-инфекционист, жоғары санатты маман Ережепов Бақтығали Аюбайұлы басшылық етеді. Оның жетекшілігімен мекеменің материалдық-техникалық базасы нығайып, халықаралық стандарттарға сай заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізілді. Бақтығали Аюбайұлының айтуынша, жаңа оқу жылына дайындық кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен білім беру мекемелері инфекциялық аурулардың алдын алуға ерекше назар аударуы тиіс. 
Фото: Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы

"Бұл – тек әр баланың жеке денсаулығы ғана емес, жалпы қоғамның денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы үшін де маңызды. Әрбір ата-анабаласының жағдайына мұқият болуы қажет. Егер балада ЖРВИ, ішек инфекциясы немесе өзге де жұқпалы ауру белгілері байқалса, оны мектепке немесе балабақшаға апармай, дереу медициналық көмекке жүгінген жөн. Ауруды ерте анықтап, уақытылы ем жүргізу – жұқпалы індеттердің таралуын тоқтатуда шешуші рөл атқарады", - дейді ол.

Балалар арасында жиі кездесетін жұқпалы аурулар қатарына...

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау:
Күз-қыс маусымында ең жиі тіркелетін аурулар тобы. Қоздырғыштары – тұмау вирусы, парагрипп, аденовирус және риновирус. Белгілері: дене қызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, бас ауруы, жалпы әлсіздік. Асқыну жағдайындабронхит, пневмония, отит дамуы мүмкін. Алдыналу шаралары: жыл сайынғы тұмауға қарсывакцинация, жеке гигиена және санитарлықталаптарды сақтау.

Қызылша: өте жұқпалы вирустық инфекция. Соңғы жылдары вакцинация деңгейініңтөмендеуіне байланысты елімізде қызылшаменсырқаттанушылықтың қайта өршуі тіркелуде. Ауру дене қызуының көтерілуі, конъюнктивит, жөтел, бөртпе шығуымен сипатталады. Асқынулары – пневмония, энцефалит, тіпті өлім жағдайларынаалып келуі мүмкін. Қызылшаға қарсы вакцинация (ҚҚК) – алдын алудың негізгі құралы.

Көкжөтел (коклюш): бактериялық инфекция. Балаларда тұншығу сипатындағы ұзақ жөтелұстамаларын тудырады. Әсіресе жас балалардаапноэ, энцефалопатия секілді ауыр асқынуларғаалып келуі мүмкін. АКДС вакцинациясы – сенімдіалдын алу әдісі.

Дифтерия: тамақта фибринді қабат түзіп, тыныс жолдарының тарылуына, ауыр улану белгілеріне және жүрек, жүйке жүйесі тарапынан асқынуларға әкеледі. Алдын алу – АКДС немесе АДС-М вакцинациялары.

Сіреспе (столбняк): clostridium tetani бактериясыжаралар арқылы ағзаға еніп, бұлшықеттердің тырысуымен сипатталатын ауыр ауру. Алдын алу – жоспарлы вакцинация және жарақаттардыуақытылы өңдеу.

Ішек инфекциялары (ротавирус, дизентерия, сальмонеллез, энтеровирустар): негізгі белгілері– іш өту, құсу, дене қызуының көтерілуі, сусыздану. Инфекция ластанған тағам мен судан, сондай-ақ тұрмыстық-қатынас жолымен таралады. Алдын алу – жеке гигиена, таза ауыз су мен дұрыстамақтану.

Менингит: Neisseria meningitidis және басқақоздырғыштардан туындайтын ауру. Ауырклиникалық белгілерімен, соның ішінде қатты бас ауруы, қызба, мойын бұлшықеттерінің тартылуы, құсу сияқты симптомдармен өтеді. Алдын алу – эпидемиологиялық көрсеткіштер бойыншавакцинация.

Алдын алу шараларының кешенді жүйесі

1. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлывакцинация.
Бұл – жұқпалы аурулардан қорғаудың еңсенімді әрі ғылыми тұрғыда дәлелденген әдісі.

2. Гигиеналық тәрбиені күшейту.
Балаларды қолды жиі жууға, бөтен заттардыауызға салмауға, жеке сүлгі мен ыдыстыпайдалануға үйрету маңызды.

3. Иммундық жүйені нығайту.
Дұрыс тамақтану, дәрумендер қабылдау, таза ауада серуендеу және спортпен айналысу – иммунитетті қолдаудың тиімді тәсілдері.

4. Білім беру ұйымдарында санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуы. Сыныптарды күнделікті желдету, ылғалдытазалау, балалардың температурасын бақылаужәне оқушылардың денсаулығын мониторингтеу – мектеп пен балабақша әкімшілігінің негізгі міндеттерінің бірі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында инфекциялықаурулардың алдын алу – бұл мемлекет, білім беру мекемелері мен ата-аналардың ортақ міндеті әріжауапкершілігі. Қызылша, тұмау, көкжөтел, ішекинфекциялары, дифтерия, сіреспе және менингит тәрізді жұқпалы аурулардың өршуін болдырмау – тек екпе егу мен санитарлық бақылау шараларынағана емес, сонымен қатар ата-аналардыңқырағылығы мен мектептердің жүйелі, үйлесімдіжұмысына тікелей байланысты.

Баланың денсаулығы – ұлт болашағының кепілі. Дені сау ұрпақ – дені сау қоғам мен қуаттымемлекеттің негізі. Сондықтан әрқайсымыз осы бағыттағы жауапкершілікті терең сезініп, өзүлесімізді қосуымыз қажет.