ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Ұлттық ұлан
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Онда әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізудің нақты тәртібін бекіту, бірыңғай тәсілдерді енгізу және кейбір рәсімдерді жеңілдету қарастырылған. Атап айтқанда, әскерге шақырудан кейінге қалдыруды енді мемлекеттік қызмет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік берілмек.
Жобадағы маңызды жаңалықтардың бірі – азаматтарды SMS арқылы шақыру. Яғни, әскерге шақырылуға жататын азаматтың ұялы телефонына жіберілген SMS-хабарлама ресми ескерту құралы ретінде танылады.
Құжат 2025 жылғы 9 қыркүйекке дейін ашық қоғамдық талқылауға ұсынылған.