ҚОҒАМ

Елімізде қыркүйектен бастап кімдердің жалақысы өседі?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: baq.kz / Арман Мухатов

Қазақстанда су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы қыркүйектен бастап өседі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Елде "Табиғи монополиялар туралы" заңға су шаруашылығы саласындағы қызметкерлердің еңбекақысын арттыруды көздейтін түзетулер күшіне енді. 

Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, заңды жүзеге асыруға арналған тиісті нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ресми мәліметке сүйенсек, жалақы биыл қыркүйек айынан бастап көтеріледі. Бұл ел бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсететін 25 мыңнан астам маманға қатысты болмақ. Аймақтық ерекшеліктер мен ресми статистикаға сәйкес, еңбекақы орта есеппен 35–50 пайызға өседі.

Аталған түзетулерді әзірлеу өткен жылы басталып, биыл маусым айында Мемлекет басшысы заң жобасына қол қойды.