ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: inbusiness.kz
Түркістан облысы Шардара аудандық білім бөлімі басшысы мен есепшілеріне қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Информбюро мәліметінше, бюджеттен шамамен 4 млрд теңгені жымқырған қылмыстық іс бойынша барлығы 15 адам әртүрлі мерзімге сотталды. Басты айыпталушы 10 жылға, қалғандары 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот қылмыстық жолмен алынған дүние-мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Оның ішінде үйлер, пәтерлер, 20-ға жуық жылжымалы және жылжымайтын мүлік бар. Сотталғандардың бірінің меншігіндегі алтын сататын дүкен де мемлекет пайдасына өндірілді.
Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылар ұйымдасқан топ құрып, жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударған. Кейін бұл қаражатты өздерінің жеке шоттары арқылы шешіп алып, заңсыз жолмен түскен қаржыны жеке мақсаттарына жұмсаған.
Сот процесі жеті айға созылды. Айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Үш сотталушының жасы 62-ден асқандықтан, оларға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Екі сотталушының кәмелетке толмаған балалары бар болғандықтан, олар жазасын бес жылдан кейін өтейтін болды.
Басты айыпталушының туыстары сот үкімімен келіспей отыр.