САЯСАТ

Апелляциялық сот: Ерлан Қожағапановқа қандай үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: baq.kz

Бүгін Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты істің үкімін қайта қарап, өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тергеу деректеріне сәйкес, 2018 жылы Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру барысында бюджеттен 1 млрд теңге жымқырылған. Осы қылмысқа байланысты Қожағапанов қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылған. Апелляция бұл шешімді күшінде қалдырды.

Іс бойынша сотталған тағы бір тұлға — SUCCESS K агенттігінің директоры Ляззат Көккөзова. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп танылып, бес жылға сотталған. Апелляциялық сот оның да жазасын өзгеріссіз қалдырды.