Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжілісте Қазақстан мен Армения азаматтарының сапары мен елде болу тәртібін реттейтін келісімді ратификациялау туралы заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Министрдің айтуынша, құжатқа 2024 жылдың сәуірінде Мемлекет басшысының Арменияға ресми сапары аясында қол қойылған. Келісім екі ел арасындағы көші-қон тәртібін жеңілдетіп, бірқатар жаңа ереже енгізеді.
Негізгі өзгерістер:
30 күннен кейін міндетті тіркеу: Бұған дейін Армения азаматтары Қазақстанда 90 күнге дейін тіркелмей кіре алатын. Енді елде 30 күннен артық қалатындар міндетті түрде көші-қон органдарында тіркелуі қажет.
90 күннен артық тұруға рұқсат: Ұлттық заңнамаға сәйкес, екі ел азаматтары 90 күннен артық қалу үшін уақытша тұруға рұқсат (РВП) алуы тиіс. Бұл виза режимін алмастырады және шығынды азайтады.
Паспортсыз кіру: Армения азаматтары Қазақстанға тек жеке куәлікпен, ал қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен кіре алады. Мұндай тәжірибе Ресей және Қырғызстан бағытында бұрыннан қолданылып келеді.
Қауіпсіздік шаралары: Құжатта әр тарапқа елге кіруіне тыйым салынған немесе қауіп төндіретін тұлғаларды кіргізбеу құқығы сақталған.
Саденовтің дерегінше, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанға 12 мыңға жуық Армения азаматы келген. Армения бұл келісімді 2023 жылдың қарашасында ратификациялаған.
"Келісім азаматтардың еркін қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, көші-қон бақылауын күшейтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтады", — деді Ержан Саденов.