САЯСАТ

144 млрд теңге жымқырғаны үшін сотталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) экс-банкир Жомарт Ертаевтың рақымшылық актісі негізінде түрмеден босатылғанын растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ведомство мәліметінше, Ертаев сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқанымен, сот шешімімен оған рақымшылық жасалған.

"Сотталғандарға қатысты істерді қарау және шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады. Ертаев пробация қызметінің бақылауына алынды", – деп хабарлады ҚАЖК.

Еске сала кетсек, Жомарт Ертаев 2018 жылы Мәскеуде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған. Ол 144 млрд теңгені жымқырғаны үшін айыпталып, сот алдында жауап берген. Алматыда өткен сот процесі 2019 жылдың желтоқсанында басталып, шамамен бір жылға созылды. Бұл іс бойынша Ертаевпен бірге тағы 38 адам сотталды.

Сот барысында Ертаев кінәсін толық мойындап, барлық жәбірленуші мен әріптестерінен кешірім сұраған.