Bugin

Шымкенттік шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: kursiv.media

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбековтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Курсив" басылымы таратқан мәліметке сүйенсек, 40 жастағы шенеунікке қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Тергеу мүддесіне байланысты істің толық мазмұны әзірге жария етілмеді.

Жүнісбеков аталған басқармаға 2025 жылдың наурызында басшылыққа келген.

Журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында жариялаған дерегінде оның елордада ұсталғаны айтылады. Ал Шымкент әкімдігі болса, шенеуніктің еңбек демалысы кезінде ұсталғанын мәлімдеді.