ҚОҒАМ

Абай облысындағы жол апаты: дәрігерлер зардап шеккен балаларға қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: gov.kz

Абай облысында болған жол апатынан зардап шеккен екі бүлдіршін жақында ауруханадан шығады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Бұған дейін балалар Абай облысынан елордадағы №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің жіті бақылауына алынған болатын.

"Екі балаға да ота сәтті жасалды. Қазіргі жағдайлары тұрақты, алдағы күндері үйлеріне жіберіледі", – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысының Үржар ауданында кәмелетке толмаған балалар қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы тіркелген еді. Қайғылы апат салдарынан 2 мен 7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сонымен қатар 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.