ҚОҒАМ

Әнұранға құрмет көрсеткен астаналық қарияның әрекеті көпшілікті тәнті етті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: видеодан кадр

Астанада аула сыпырып жүрген қария Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалған сәтте қолындағы жұмыс құралдарын қоя салып, тік тұрып гимнді бірге орындады. Бұл әрекет көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Кадрларда аула тазалап жүрген қарияның әуенді ести сала бірден қолын жүрегіне қойып, мемлекеттік Әнұранды орындағаны байқалады.

"Военкада гимн ойнап жатыр. Жолдан тек біздің аула сыпырушы ағай тоқтап, жүрегін ұстап, әнге қосылып тұр. Нағыз құрмет осы ғой!" – дейді видео авторы.

Көпшілік бұл көріністі жүрекке жылы қабылдап, «Міне, үлгі боларлық жан», «Нағыз патриот екен» деген пікір қалдыруда.