ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: видеодан скрин, turkystan.kz
Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде ер адамның қарияны ұрып жатқан сәті түсірілген бейнежазба тараған еді.
“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қажет жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады”, – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.
Полиция өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтінін нақтылады.