ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда жалған қоңыраулар мен хабарламаларға қатысты алаяқтық деректері айтарлықтай артты. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айлары аралығында мұндай 4,3 мың жағдай тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Datahub-ке сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметінше, алаяқтық эпизодтарының басым бөлігі Астана, Қарағанды және Павлодар облыстарында анықталған. Яғни ел бойынша тіркелген барлық жағдайдың үштен бірі осы үш өңірге тиесілі.
Интернет алаяқтығы да қарқын алып отыр. Тек тамыз айының өзінде тіркелген деректердің саны 22%-ға өсіп, жалпы көрсеткіш 17,2 мыңға жеткен.
Аймақтық бөліністе ең жоғары үлес Астанаға (16%) тиесілі. Сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарында да жағдай ушығып тұр. Әсіресе, Павлодар өңірінде интернет-алаяқтықтың өсімі айқын байқалады – мұнда қылмыс деңгейі 10 мың тұрғынға шаққанда ерекше жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.