ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: sxodim.com
Алматы көшелерінде самокат жүргізушілеріне қатысты рейдтік шара өтті. Бұл қадам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтқан сынынан кейін қолға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қалалық полицияның мәліметінше, бір күн ішінде 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Негізгі деректер мынадай:
қозғалыс талаптарын елемеу – 489 дерек;
жаяу жүргіншілер мен өзге қатысушылар тарапынан ережені бұзу – 237 жағдай;
балалар қауіпсіздігіне қатысты ата-аналардың жауапсыздығы – 11 дерек;
абаттандыру нормасын бұзу – 47 жағдай;
қоғамдық орындарды ластау – 23 оқиға.
Сонымен қатар полицейлер 259 самокатты арнайы тұраққа жеткізген. Қаланың әр жерінде тәртіпті бақылау үшін оператор-компаниялардың техникалық қолдауымен 50 полиция маршруты іске қосылды.
Алматы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Шұмаев самокат жүргізушілерімен жүйелі жұмыс жүріп жатқанын атап өтті:
"Біз түсіндіру шараларын күшейтеміз, ал заңды бұзғандарға қатысты тиісті жауапкершілік қарастырылады", – деді ол.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте халыққа арнаған Жолдауында самокаттардың қауіпсіздікке төндіретін қатері жайлы айтқан болатын. Президенттің сынынан кейін әлеуметтік желілерде Астананың орталық көшелерінде полицейлердің самокаттарды жинап жүрген сәтін бейнелейтін видео тарады.