САЯСАТ

Алматы облысының тұрғынынан "Қаңтар оқиғасы" кезінде жоғалған қару-жарақ тәркіленді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ІІМ

Алматы облысында полиция қызметкерлері «Қаңтар оқиғасы» кезінде ұрланған қаруды анықтады. Ішкі істер министрлігі қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. 1 қыркүйектен бастап ел көлемінде «Учаске» атты жедел алдын алу шарасы қолға алынған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оның нәтижесінде заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, 500-ден астам оқ-дәрі мен 6 жарылғыш зат тәркіленді. Сонымен қатар қару сақталған 12 жасырын қойма табылды. «Қаңтар оқиғасы» кезінде қолды болған 6 қару мен полицияға тиесілі арнайы жабдықтар да тәркіленген. Олардың арасында Калашников автоматы, тапанша, екі ойық және екі тегіс ұңғылы мылтық, сондай-ақ қызметтік бронежилеттер мен каскалар бар. Бұған қоса, азаматтар өз еркімен 15 қаруды тапсырды.

Тексеру барысында 21 мыңнан астам азаматтық қару иелері қаралды. Нәтижесінде 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.