САЯСАТ

Жолдау міндеттері — ел болашағының бағдаршамы

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Түркістан облыстық мәслихаты

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына қолдау білдіру, нақты міндеттермен алдағы жоспарларды талқылау бойынша жиын өтті. 

Жиынға облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев және облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері, сондай-ақ барлық аудан, қалалық мәслихат төрағалары бейне-конференц байланысарқылы қатысты. 
Фото: Түркістан облыстық мәслихаты

«- Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер жәнеоны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылышешу» атты Қазақстан халқына Жолдауыеліміздегі маңызды құжаттардың бірі. Жолдаужасанды интеллект және цифрлық даму, инвестиция тарту, туризмді дамыту, су жәнеинфрақұрылым, спорт және тағы басқасалаларды қамтып отыр. Маңызды құжаттакөтерілген бұл мәселелердің барлығықазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және олардыңөмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруғабағытталған. 

Сондай-ақ, Президент елімізге инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғыртып, әсіресе өңдеусаласына көбірек қаражат тарту қажеттілігінетоқталды. Инвестиция тарту қашан да маңызды мәселе. Сондықтан, инвестициялартарту ісінде белсенді түрде әрекет етіп, инвесторлар үшін неғұрлым оңтайлыжағдайлар жасауға әрдайым ұмтыла беруімізкерек деп ойлаймын. Жолдауда айтылғанжұмыстарды еңсеру арқылы мемлекетіміз өздамудың жаңа деңгейіне көтерілетіні сөзсіз. Сондықтан, баршамыз Президентіміздіңбастамаларын қолдап, бірлігіміз бен ынтымағымызды бекемдеп, жұмыла жұмысістесек алға қойған мерейлі мақсаттарға қолжеткізетініміз анық» - деді, НұралыӘлмаханұлы. 

Сонымен қатар барлық депутаттарды ауыл аймақтардағы тұрғындармен кездесу кезінде Жолдауды насихаттап, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруға атсалысуға шақырды. 

Жиынның күн тәртібінде жеке меншікмедициналық қызмет көрсететін процедуралықкабинеттердің жұмысы туралы да айтылды. Бұл бағытта өңірде уақытша депутаттықкомиссия құрылып, түсіндірме жұмыстарынжүргізу және аталған бөлімшелердіңқызметімен танысу ұсынылды. 
Фото: Түркістан облыстық мәслихаты

Себебі халықтың саулығы мен келеңсізжағдайлардың алдын алу маңызды. НұралыӘлмаханұлы мен облыстық денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Асхан Байдуалиевбұл бағытта өңірдің барлық депутаттарыбелсенділік танытатынына сенім білдірді. Мемлекет басшысының Жолдауында да медицина саласына және салауатты ұлтқалыптастыруға қатысты нақты бағыттарайқындалған болатын.

Сондай-ақ, жиында облыстағы барлықмәслихаттар арасында кіші футболдан турнир өткізу туралы талқыланды. Бұл сайысдепутаттар арасында дәстүрге айналған. Халық қалаулылары салауатты өмір салтыннасихаттап, өңірдегі бұқаралық спорттыдамытуға серпін беретін жобаларды барыншақолдап келеді.

Түркістан облыстық мәслихаты