Weekend

Шынайы жолдас

Жолдастың саны емес сапасы маңызды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бір кісінің үш жолдасы болыпты. Күндердің бір күнінде әлгі кісіге жала жабылып, істі болыпты. Шарасыз халде не істерін білмеген ол жолдастарын іздей бастапты. Бірінші жолдасына барып, жағдайды түсіндіріп, қазыға бірге баруын өтініпті. Жолдасы өзінің қауырт шаруалары барын айтып, бірге барудан бас тартыпты. Әлгі адам екінші жолдасына барып, басынан өткен жағдайды оған да түсіндіріпті. Екінші жолдасы ойлана келе онымен бірге баратынын тек қазының алдына бірге кіре алмайтынын айтыпты. Осылайша ары-бері жүріп, сот болатын уақыт таяп қалғандықтан амалсыздан екінші жолдасымен сотқа барыпты. 

Екінші жолдасы қазының алдына кіре алмайтын болғандықтан онымен қоштасып тұрғанда аяқ астынан үшінші жолдасы келіпті. Жағдайды бірінші жолдасынан естігенін, қазы алдына бірге кіретінін айтыпты. Осылайша екеуі бірге қазыға кіріп, үшінші жолдасы әлгі кісіге араша түсіп, оны толығымен ақтап шығыпты. Осы оқиғадағы үш жолдас әрбірімізде бар екен. Біріншісі – мал-дүние мен мансап; Екіншісі – бала-шаға мен туған-туыс; Үшіншісі – барша құлшылық екен. Ал қазы – ажал; Сот орны – қабір екен. Ажал келгенде пенде мал-дүние мен мансабын тастап кетеді екен. Тіпті оны қабір басына да алып бара алмайды екен. Ал туған-туыс пен бала-шаға мәйітті тек қабір басына дейін ғана шығарып сала алады екен.  Тірі адам мәйітпен бірге көмілмес. Ал пенденің намазы, оразасы т.б. барша құлшылығы оны барша қиындықтан қорғап, қабір және тозақ азабынан қорғап қалады екен. Сондықтан құлшылықтарымызға бекем болайық, ағайын!

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61