БІЛІМ

Қазақстан Open AI Edu for Countries алғашқы халықаралық когортасына қосылды

Қазақстан Open AI Edu for Countries алғашқы халықаралық когортасына қосылды. Бұл туралы Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желілердегі өз парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің әлеуметтік желісінен

Технологиялық прогресс дәуірінде білім беру саласындағы адам капиталының рөлі, мазмұны мен маңызы жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстанның Open AI Edu for Countries алғашқы халықаралық когортасына мүше болуы –  еліміздің осы стратегиялық бағытты ұстанатынын нақты дәлелдейді. Технологиямен жұмыс істеу мәдениеті мен сыни ойлау қабілеті – ел болашағының бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі дағдылар болмақ.

Open AI Edu for Countries алғашқы халықаралық когортасына Қазақстан Эстония, Сингапур, БАӘ, Иордания және Грекия сынды технологиялық тұрғыдан дамыған елдермен қатар қосылды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, Қазақстан Орталық Азия өңірінде білім беру саласына жасанды интеллектіні (ЖИ) жүйелі түрде енгізуді қолға алған алғашқы мемлекет болып табылады.

Жоба аясында педагогтарға, университеттерге және Astana Hub экожүйесіне 165 мың тегін лицензия берілді.

«Бұл жобаның жүзеге асу форматы да маңызды. Ол Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары барысында қол жеткізілген келісімдерге негізделген және мемлекеттік бюджетке салмақ салмай, жеке қаражат есебінен қаржыландырылады. Бұл –  бизнес пен мемлекеттің адам капиталының болашағына бірлесіп инвестиция салуының нақты үлгісі», –  деп жазды министр өз парақшасында.

Еліміз үшін ChatGPT Edu – оқу процесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін іргелі құрал болмақ. ChatGPT Edu көмегімен оқу материалдарын дайындау, кері байланыс орнату және ғылыми ізденістерді жүргізу әлдеқайда жылдам әрі тиімді болады. Алайда технологияның мүмкіндіктері шексіз болғанымен, тәрбие мен бағалаудағы моральдық және кәсіби жауапкершілік ұстаздың еншісінде қалмақ. Мемлекет реформасы технологияны пайдалануды білетін қолданушы емес, сыни ойлай алатын, жауапкершілігі жоғары және технологиялық мәдениетті меңгерген ұрпақ тәрбиелеуді көздейді.