МӘДЕНИЕТ

Шыңғыс Айтматовтың қарындасы жазушының 100 жылдығы аясында өтетін салтанатты шараларды өткізбеу мақсатында Қырғызстан Үкіметіне үндеу жариялады

Қырғыз жазушысы, әлем әдебиетінің классигі Шыңғыс Айтматовтың әпкесі Роза Айтматова Қырғызстан Үкіметіне үндеу жасап, қаламгердің туғанына 100 жыл толуына арналған салтанатты шараларды өткізбеуді сұрады. Ол мерейтойға бөлінген қаржыны халықтың тұрмысын жақсартуға бағыттауды жөн санайды, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Қазақстан Халқы Ассамблеясы

Бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігі жариялады.

«Көпшілік Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген қаржыны басқа пайдалы іске жұмсауға болар еді деп айтуы мүмкін. Сондықтан мерейтойға бөлінген қаражатты қарапайым халықтың өмірін жақсартуға бағыттауды үкіметтен алдын ала сұраймын. Бұл – оған деген шынайы құрмет болар еді», – деді жазушының әпкесі.

2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзат­тың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасын­да Алмания­ның Нүрнберг қаласын­дағы аурухана­да бүйрек ауруынан қайтыс болған еді. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» ме­мориалды-мұражай кешеніне қойы­л­ған.