ҚОҒАМ
Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Конституциясында некені тек ер мен әйел адамның одағы ретінде нақты бекітуді ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: «Уақыт» қоғамдық-саяси журналынан
Депутаттың пікірінше, қолданыстағы заңнамада некенің нақты анықтамасының болмауы дәстүрлі құндылықтарға қауіп төндіруі мүмкін.
«Ел боламыз десек, ең әуелі ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық сана мен рухани негізге аса мән беруіміз керек. Ата Заңымызда отбасы мен неке сияқты қасиетті ұғымдарды күшейту қажет деп санаймын. Оған жауапты ер мен әйелдің рөлін, жауапкершілігін, ара-қатынасын нақты шегелейтін уақыт жетті», – деді депутат Елнұр Бейсенбаев.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде неке — бұл еркек пен әйелдің арасындағы ерікті одақ деп көрсетілген. Алайда депутат бұл норманы Конституцияға енгізу арқылы оның мәртебесін нығайтып, дәстүрлі отбасыға тән әке мен ананың заңды әрі құқықтық қарым-қатынастарын нақты бекітуді көздеп отыр.