ДЕНСАУЛЫҚ

Үндістанда емделмейтін Нипах вирусы анықталды

Үндістанның Батыс Бенгалия штатында бес адамның, соның ішінде медицина қызметкерлерінің Нипах вирусын жұқтыруына байланысты эпидемияны ауыздықтау шараларын белсенді жүргізуде. Бүгінде 100-ге жуық адам карантинге алынды, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Нипах вирусын ең қауіпті патогендер тізіміне қосты. Қазіргі таңда бұл инфекцияға қарсы арнайы ем жоқ. Вирус негізінен жарқанаттар мен ластанған жеміс-жидектер арқылы тарайды. Мамандардың мәліметінше, аталған вирус өте қауіпті, оны жұқтырғандардың 40%-дан 75%-ға дейінгісі көз жұмуы мүмкін.

Үндіcтан аумағында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мониторинг жұмыстары күшейтіліп, науқастармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды анықтау және оқшаулау шаралары жеделдетілді. Медициналық ұйымдарда биологиялық қауіпсіздік режимдері қатайтылып, жеке қорғаныс құралдарын қолдану қатаң бақылауға алынды. Халық арасында жабайы жануарлармен байланысқа түспеу және алғашқы симптомдар байқалған жағдайда шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Apollo Hospitals деректеріне сүйенсек, вирус өз атауын Малайзиядағы Сунгай Нипах ауылынан алған, онда бұл дерт алғаш рет 1998-1999 жылдары тіркелген. Кливленд клиникасының мәліметінше, сол кездегі індеттен Малайзия мен Сингапурда 100 адам қайтыс болған. Аурудың әрі қарай таралуын тоқтату үшін 1 миллион шошқа жойылған, бұл фермерлер үшін өте ауыр экономикалық соққы болған.