Bugin
2026 жылғы 28 қаңтарда Мәжілісте өткен жиын барысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміздегі жаңа жылу электр станцияларының (ЖЭС) болашағына қатысты пікір білдірді. Министр халықты толғандырған «Жаңа станциялар отынсыз қалуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап беріп, елдің ресурс әлеуетін ашып көрсетті, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: freepik.com
Министрдің айтуынша, жаңа қуат көздері тиімділігі жағынан көмір мен газ өндірісімен тең дәрежеде бәсекелесе алады.
"Мұндай қауіп бізде жоқ. Көмір қорымыз – 33,6 млрд тонна, жыл сайын 120 млн тонна көмір өндіріледі. Сондықтан, президент айтқандай, біздің көмір қоры 300 жылға жетеді. Ал мұнай мен газ қоры шамамен 40 жылға жеткілікті", – деді Ерлан Ақкенжанов.
Министр өз сөзінде 2025 жылғы 5 қарашада Мәжіліс депутаттары мақұлдаған маңызды заң жобасына тоқталды. Атап айтқанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер көмірсутек және уран саласындағы жұмыстарды жетілдіруге бағытталған. Бұл құжат пайдалы қазбаларды игеру тәртібін жеңілдетіп, тиімділігін арттырмақ.
Заңнамалық өзгерістер мен елдегі барланған қорларды негізге алған министр мәлімдемесі бойынша, елімізде жаңа жылу электр стансаларын (ЖЭС) іске қосу мен оларды тұрақты пайдалану барысында шикізат тапшылығы туындамайды.
Мәжіліс жиынында Энергетика министрі Қазақстанның табиғи байлығы мен ресурстық базасы энергетика саласын ауқымды түрде дамытуға толық қауқарлы екендігіне де тоқталды. Жаңадан салынатын қуат көздерін қажетті отынмен (көмір, газ) қамтамасыз ету үшін еліміздің ішкі мүмкіндіктері жеткілікті. Бұл өз кезегінде алдағы онжылдықтарда энергетикалық қауіпсіздіктің сенімді іргетасы болмақ.