САЯСАТ

Мемлекеттің жаңа құқықтық келбеті: Конституцияның 84 пайызы жаңартылуда

2026 жылғы 28 қаңтарда өткен Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Қазіргі таңда жиынтық жоба білікті заңгерлер мен лингвистерден құралған арнайы жұмыс топтарының сараптауынан өтуде. Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, мамандар Конституция нормаларын дұрыс жазу, дәлдігін қамтамасыз ету, мағыналық қайшылықтарды жою және терминдердің бірізділігін сақтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізді. 

Жиынтық жобадағы жаңашылдықтар Қазақстанның конституциялық іргетасын нығайтып, мемлекеттің саяси келбетін жаңа деңгейге көтереді. Ұсынылған түзетулер елдегі институционалдық және құрылымдық жаңғыруларға жол ашатын реформаларға негіз болмақ.

«Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру және қорғау кепілдіктері күшейтіліп жатыр. Президенттік басқару формасын сақтай отырып, мемлекеттік билік құрылымы айтарлықтай өзгереді», деп мәлімдеді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, ол жаңа бір палаталы Парламент моделін енгізу, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту, Конституциялық соттың құқық қорғау тетіктері мен Ата заң негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз ету бойынша қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар өзгерістерді атады.