САЯСАТ

Конституциялық реформа: Вице-президентке қандай міндеттер жүктелмек?

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның екінші отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Ата заңға енгізілетін өзгерістер жобасын ұсынды. Құжат саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың, сондай-ақ белсенді азаматтардың ұсыныстары негізінде дайындалған, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Конституциялық соттың баспасөз қызметі

Жаңа құжатқа сай мемлекет басшысы вице-президентті, премьер министрді құрылтаймен ақылдаса тағайындайды. Сондай-ақ конституциялық соттың төрағаларын орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесі мен жоғары аудиторлық палата өкілдерін таңдауға депутаттар араласады. Ал олардың төрағаларын вице президент өзі тағайындайды. Бұл ретте  мемлекет басшысы ұсынған кандидаттар бірнеше рет мақұлданбаса, президентте құрылтайды тарату құқығы бар.

Сондай-ақ президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда елді вице-президент басқаруы туралы норма ұсынылып, вице-президенттің негізгі қызметтері нақтыланды.

Вице-Президент:

– Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;

– Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.

– Сонымен бірге, Вице-Президент Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.

– Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.

– Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде Вице-Президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс. Мұндай шектеулер лауазымды саясиландырмай, кәсіби сипаттың алдын алуға керек әрі ақылы қызметтерге тыйым салу елдің Ата Заңымен бекітілген талаптарға сай.

 

Егер вице-президент президенттік өкілеттіктерді өзіне қабылдай алмаса, онда ол Құрылтай төрағасына, ал соңғысы да мүмкін болмаса, Премьер-Министрге өтеді. Қоғам үшін бұл анықтықты қамтамасыз етеді. Мемлекет әрекетінің құқықтық негізде жүзеге асатынына кепілдік береді, - деді ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Еліміздің саяси-экономикалық жаңаруының негізі ретінде қарастырылып отырған Конституциялық реформа билікті орталықсыздандыруды көздейді. Құрылған Конституциялық комиссияның қызметі стратегиялық маңызға ие, өйткені Ата Заңға түзетулер енгізу жоғары жауапкершілікті талап етеді. Комиссия мүшелері барлық ұсыныстарды сүзгіден өткізіп, реформаның жобасын қалыптастырғанымен, нақты шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады.