Hi-Tech

50 жылдан кейін өлі аккаунттар саны тірілерден гөрі көп болады

2100 жылға қарай 1,4 миллиард қолданушы қайтыс болады, ал 2070 жылы өлі аккаунттар саны тірілерден гөрі көп болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оксфорд университетінің сарапшылары Facebook-тегі өлі аккаунттардың өсу динамикасын зерттеген екен. Зерттеу нәтижесінде 2100 жылға қарай 1,4 миллиард қолданушы қайтыс болады деп есептелген. Ал 2070 жылы өлі аккаунттар саны тірілерден гөрі көп болады.

Зерттеу үшін мамандар өлім статистикасын, халық тығыздығын және әр елдегі фейсбук қолданушыларының санын есепке алған. 

"Әлеуметтік желілер – адамзат тарихындағы ең ірі мұрағат, сондықтан келер ұрпаққа оған деген қолжетімдікті қазірден қамтамасыз етуіміз керек", – дейді зерттеу жұмысының мүшесі Дэвид Уотсон.