ТӘРБИЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Волонтерлер жылы аясында өтіп жатқан Республикалық Волонтерлер форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
«Нағыз волонтер тұтас қоғамның игілігін ойлайтын, еліміздің мұрат-мүддесін биікке қоятын саналы азамат екені сөзсіз. Осы орайда, бүгін мен еріктілерге шынайы алғысымды айтамын. Сіздер барлық игі істің басы-қасында, халқымыздың арасында жүрсіздер! Еліміздің дамуына елеулі үлес қосып келесіздер. Жаңа ғана бірнеше азамат сөз сөйледі, салмақты ойларын ортаға салды. Ұтымды ұсыныстарын жеткізді. Олардың көбін мен қолдаймын, ең пайдалы ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға тапсырма беремін. Халқымыз «Ақыл – жастан» деп бекер айтпаған. Қазақстанның болашағы осындай белсенді әрі жігерлі ұл-қыздарымыздың қолында. Бәріңізге «Жарайсыздар!» деп айтқым келеді», - деді Президент.
Мемлекет басшысы еріктілер қауымын озық ойлы қоғамның шынайы айнасы деп бағалап, олардың қоғам игілігі жолындағы қажырлы еңбегіне ерекше ризашылық білдірді. Сондай-ақ форумда айтылған ұсыныстарды қолдайтынын және өзекті, қоғамға аса қажетті бастамаларды жүзеге асыруға тапсырма беретінін жеткізді.