ДАМУ
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: sports.kz
31 қаңтар күні Мельбурнде әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемдік теннис рекордының көшбасшысы Арина Соболенко кездесті. Рейтингте бесінші сатыда тұрған Елена Рыбакина мен әлемнің бірінші ракеткасы арасындағы финалдық матч жанкүйерлер күткендей жоғары деңгейде өтті. Род Лейвер аренасында жиналған көрермендер нағыз кәсіби спорттық шоудың куәсі болды.
Матч басында Елена Рыбакина корттағы геометрияны шебер пайдалана білді. Оның бірінші доп берудегі жоғары пайызы мен сызық бойымен жасаған дәл соққылары Соболенконы қорғануға мәжбүр етті. Нәтижесінде Рыбакина 6:4 есебімен басым түсіп, кездесудің фавориті екенін дәлелдеді.
Екінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы ойын стилін өзгертті. Рыбакинаның қателіктерін ұтымды пайдаланған белорусьтік теннисші есепті 6:4 етіп теңестіріп, психологиялық басымдық тізгіндеді.
Матчтың cоңғы сетінде Род Лейвер аренасындағы шиеленіс шегіне жетті. Әлемнің бірінші ракеткасының қысымына қарамастан, Елена Рыбакина өзіне тән салқынқандылық пен жоғары дайындықта ойын үлгісін көрсетті.
Шешуші партияда қазақстандық теннисші тактикалық тұрғыдан мінсіз ойнап, маңызды геймдерде басымдыққа ие болды. Нәтижесінде 6:4 есебімен жеңісті жұлып алып, бұл тартысты кездесуге нүкте қойды.
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде есімін тарихқа алтын әріптермен жазды. Айтулы жетістік Қазақстанның әлемдік теннис аренасындағы орнын нығайта түсті.