ДАМУ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 60 жастан асқан жолаушылар мен 15-25 аралығындағы жастарға арналған жеңілдіктерді қолданысқа енгізді, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Google AI
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мәлім етті.
60 жастан асқан азаматтарға барлық теміржол билеттеріне 25 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ол үшін «QURMET» дисконттық картасын алу керек. Картаның құны – 3 мың теңге. Арнайы карта купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеуінсіз билет сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 15-тен 25 жасқа дейінгі жастар «KETTİK33» дисконттық картасын рәсімдеу арқылы пойыздың жоғарғы орындарына билет сатып алғанда 33%-ға дейінгі жеңілдікті пайдалана алады. Картаны рәсімдеу құны 3 мың теңгені құрайды, ал оның жарамдылық мерзімі сатып алынған сәттен бастап 12 айға созылады.
Ескеретін жайт, аталған жеңілдіктердің қолданылу мерзіміне шектеулер қойылған. Атап айтқанда, жеңілдіктер 2026 жылдың 20–29 наурыз және 25–30 желтоқсан аралығындағы мерекелік күндерде, сондай-ақ маусым мен тамыз айлары арасындағы жазғы демалыс маусымында күшін жояды.
Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, жаңа жеңілдіктер жүйесі жастар мен зейнет жасындағы жолаушылардың мобилділігін арттыруға және олардың теміржол көлігімен қатынауын қолжетімді етуге бағытталған.