ҚОҒАМ

Polisia.kz: Telegram мессенджеріндегі алаяқтықтың жаңа схемасы анықталды

Қазақстандықтарға желідегі жаңа кибершабуыл түрі туралы ескерту жасалды. Polisia.kz таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда Telegram мессенджері арқылы «Тегін электронды кітаптар» ұсынып, адамдарды алдайтын алаяқтар белсенді. Құқық қорғау органдарының айтуынша, бұл әдіс пайдаланушылардың жеке деректерін қолды қылу үшін қолданылады, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Polisia.kz

Алаяқтық әрекеттің барысы өте қарапайым: пайдаланушыға алдымен кітаптардың ауқымды қоры туралы ақпарат беріледі. Сіз іздеген туындыны сұраған кезде, жүйе оның қысқаша аннотациясын ұсынып, толық нұсқасына қол жеткізу үшін «Арнайы бағдарламаны» жүктеуді талап етеді. Дәл осы «Қосымша» құрылғыңызды бақылауға алатын вирус болып шығады.

Алаяқтар ұсынған бағдарлама шын мәнінде қауіпті вирус болып табылады. Күмәнді қосымшаны орнатқан бойда, қаскөйлер сіздің жеке кеңістігіңізге толық жол ашады. Олардың қолына банк деректеріңіз бен құпиясөздеріңіз ғана емес, жеке хаттарыңыз бен отбасылық фотоларыңыз да түседі, смартфоныңызды қашықтан басқару тетігін де иемденуі мүмкін.

Тәптіп сақшылары мессенджерлер арқылы жіберілген белгісіз сілтемелер мен файлдардан аулақ болуды ескертеді. Әлеуметтік желілерде «Тегін» немесе «Арнайы» деп ұсынылған кез келген файл алаяқтардың құрған қақпаны болуы әбден мүмкін екенін ескеру қажет.