МӘДЕНИЕТ
Димаш Құдайберген продюсерлік еткен «Көкжиектен асқан үн» халықаралық жобасының тұсаукесері өтті. Халықаралық деңгейдегі тың туындының алғашқы эпизоды қалың көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Bugin.kz
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Димаш Құдайбергеннің әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан
Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жобасы халықаралық деңгейдегі танымал әншілердің назарына ілікті. Өнер иесінің еңбегін әлемдік музыка элитасы – Пласидо Доминго, Андреа Бочелли, Лара Фабиан және композитор Игорь Крутой ресми түрде қолдады. Сондай-ақ Саймон Уэбб пен Степан Хаусер де жылы лебіздерін білдірген.
Жобамызды қолдап, құттықтаған әлемдік жұлдыздарға және барша қолдау білдіріп жатқан ағайынға үлкен рақмет! Бұл – біз үшін өте қуанышты әрі шабыт беретін сәт. Осындай қолдау алға қарай одан әрі сеніммен қадам басуға күш береді. Жобаның алғашқы эпизоды көрермендерге жол тартты. Келесі аптада көріскенше! – деп жазды Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасына.
Димаштың продюсерлігімен қолға алынған бұл жоба ұлттық дәстүр мен заманауи стильді біріктіріп, еліміздің рухани әлеуетін әлемге паш етпек. Автордың айтуынша, бұл жоба — Қазақстанның мәдени бейнесін жаңаша қалыптастыратын маңызды қадам.
Айта кетейік, айтулы жобаның тұсаукесерін 14 ақпан күні «Қазақстан» телерадиокорпорациясының эфирінен тамашалауға болады.