ҚОҒАМ

Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген шетелдік стримерлер 15 тәулікке қамалды

Қазақстандық қыздар жайлы дөрекі сөздер айтқан екі шетелдік Алматыда әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құзырлы органдар қоғамдық тәртіпті бұзғандардың әрекетіне заң аясында шара қолданды, деп хабарлайды Bugin.kz

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Владимир Третьяков

Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Сот қаулысына сәйкес, Ресей азаматы Анар Абдуллаев пен Грузия азаматы Ренат Пашаевтың әрқайсысы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Құжаттарға сүйенсек, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар стримерлер әлеуметтік желідегі әрекеттері арқылы жалпыға ортақ этикалық нормаларды өрескел аяққа таптаған.

Шетелдік стримерлердің қазақстандық қыздарға қатысты балағат сөздері қоғамда үлкен наразылық тудырды. Оқиға кезінде екі шетелдік азаматтың жанында  болған Равшан есімді стример де бұл деректі растап, орын алған жағдай үшін жұртшылықтан кешірім сұрады.

Полиция екі шетелдік азаматқа қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді. Сот шешімімен екеуіне де 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желідегі әдепсіздік пен заңға қайшы қадамдар үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Олардың айтуынша, желідегі әрбір сөз бен іс заң аясында тексеріліп, тиісті шаралар қолданылады.